Бос жұмыс орындары!

Бос орынға конкурс жарияланды!
Педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымына (уақытша орын, екі тілді) 1 жүктеме.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Лауазымдық жалақысы: 100 000 -120 000 тг
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға12, 13-қосымшаларғасәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шарты жасалынады;
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар 27-taraz.mektebi.kz мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
2025 жылдың 21 тамызынан бастап 7 (жеті) жұмыс күнінде мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қағаз форматта қабылдау жүргізе басталады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар қаралады, ол мына күндер: 02-08.09.2025ж күндері.
Шешім шығару күні 08.09.2025 жыл
Конкурс өткізілетін орын:
Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Жібек жолы көшесі №104 "А" мекен жайында орналасқан М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінің қабылдау бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефондары: 8 7262 46-49-55.
Электронды адресс: school27taraz@yandex.kz