Бос жұмыс орындары! » СШ №27
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орындары!
19
қыркүйек
2025

Бос жұмыс орындары!

Бос орынға конкурс жарияланды!
Әлеуметтік педагог лауазымына (уақытша орын, екі тілді) 1 жүктемемен.
 
 Лауазымдық міндеттері:    

      жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;

      әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;

      жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;

      әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;

      педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.





Біліктілікке қойылатын талаптар:
  

      жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.

      87. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

       1) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      озық тәжірибені үйрену, оны тәжірибеде қолдану;

      оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;

      білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;

      2) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдану;

      шығармашылық семинарларға жетекшілік ету;

      озық тәжірибені енгізу;

      3) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;

      жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;

      оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;

      әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;

      4) "педагог-шебер":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;

      жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;

      оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;

      әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;

      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.

Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шарты жасалынады;

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар 27-taraz.mektebi.kz мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
2025 жылдың 22 қыркүйектен бастап https://hr-nobd.edu.kz модулі арқылы қабылданады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар қаралады, ол мына күндер: 01-07.10.2025ж күндері.
 Шешім шығару күні 07.10.2025 жыл

 Конкурс өткізілетін орын:
Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Жібек жолы көшесі №104 "А" мекен жайында орналасқан М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінің  қабылдау бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефондары: 8 7262 46-49-55.
Электронды адресс: school27taraz@yandex.kz 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

08 қыркүйек 2025 Бос жұмыс орындары!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив