15
тамыз
2022
"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы
Аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келуі үшін әлеуметтік көмек көрсету мақсатында мектебімізде 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.