10
ақпан
2023
Бос жұмыс орнына хабарландыру!

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.KZ" және мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
2022-2023 оқу жылына төмендегі бос орын бар: математика пәнінің мұғалімі (қазақ сыныптарына) уақытша (декреттік орын), 1ставка 16 сағат жүктеме.