11
қараша
2020
•Қ.Р Президентінің 2020жылғы 1-қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» жолдауы
•Қазақстан Республикасы Президентінің 2020жылғы 1-қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және Тараз қаласы әкімдігінің іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы жайлы Тараз қалалық әкімдігінің білім бөлімінің басшысының орынбасары Д.Қ.Тоғатаева М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Дүрия Құрмашевна Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып,ең маңызды тұстарын атап өтті. Сонымен қатар, Д.Қ.Тоғатаева Жолдауда көрсетілген барлық білім саласына қатысты мәселелерді алға тартты.