07
сәуір
2021
Дүниежүзілік денсаулық күні

Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау
Бүгін Дүниежүзілік «Денсаулық күні» аталып өтіп жатыр. «Дені саудың, жаны сау» атты мектебімізде спорттық эстафетаны "Жас Ұлан" ұйымының жетекшісі аға тәлімгердің ұйымдастыруымен өтті.
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.