01
қыркүйек
2021
"Тәуелсіздіктің жетістіктері"

Мектебімізде 1 қыркүйек Білім күні мерекесіне орай "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында салтанатты жиын өтті. Алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар білім ордасына қайта оралды. 1 сынып бүлдіршіндері Ахмет Байтұрсынов негізін қалаған Әліппені қолдарына алды. Оқушыларымыз бен мектеп ұстаздарына жаңа оқу жылы жетістікке толы болсын дей отырып, сәттілік тілейміз!