
2022 жылдың 20 қазанында мектеп директорының орынбасары Исабекова Нұргүл Нұрғазықызы «Педагог» кәсіби стандартының жобасын талқылау бойынша мектеп ұжымына ақпараттық сағат өткізді. Педагогтер санаттары бойынша ақпараттық - түсіндіру сағатында жаңа буынның кәсіби стандартының сипаттамасы, педагогтің негізгі және қосымша қызметінің мазмұны мен міндеттері, сонымен қатар, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің критерийлері, көрсеткіштері туралы ақпараттарымен бөлісті.