13
наурыз
2023
"Бір ел - бір кітап" Республикалық акциясынан көрініс
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 8"а"сыныбының білім алушылары "М.Әуезов" атындағы қалалық кітапханаға саяхат жасады. Балалар бөлімінің кітапханашысы С.Аққұман білім алушыларды "Тараз тарихымыздың темірқазығы", "Не деген қызықты ертегілер", "Бір ел - бір кітап" Республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіковтың шығармалары қойылған кітап көрмелерімен таныстырып, 2023 жылдың мерейтой иелерінің бірі - алаш қайраткері, ақын, қазақ көркем әдебиетінің көрнекті қаламгері М.Жұмабаевтың кітаптарына библиографиялық шолу жасап, білім алушыларды кітап оқуға шақырды.