Әдістемелік кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ЕРЕЖЕСІ » СШ №27
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » Әдістемелік кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ЕРЕЖЕСІ
07
маусым
2017

Әдістемелік кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ЕРЕЖЕСІ

Әдістемелік кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі 

ЕРЕЖЕСІ 

1. Жалпы ережелер 

 

 1. Білім беру ұйымдарында әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі-Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  44-бабы  9-тармағына сәйкес әзірленген. 

      2. Ереже білім беру ұйымдарында басқарудың алқалы органдары болып табылатын әдістемелік ғылыми кеңестің мүшелерін сайлау тәртібін қамтитын әдістемелік кеңес (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) (бұдан әрі - Кеңес) қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды. 

      3. Кеңес өз қызметінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  Заңын, білім беру ұйымның жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады. 

 

2. Кеңестің негізгі міндеттері 

4. Кеңестің негізгі міндеттері:  

1) оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру;  

2) білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға жоспарлауды, сараптаманы және ұсынымды ұйымдастыру;  

3) білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;  

4) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату;  

5) біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;  

6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісін әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау; 

7) білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;  

8) білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;  

9) оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық (тұрақты және уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;  

10) педагогтік ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды басқару;  

11) білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;  

12) білім беру саласындағы қызметкерлерді аттестаттауға қатысу. 

3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары 

5. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:  

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру;  

2) құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестердің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;  

3) жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және қолдау;  

4) білім беру ұйымдарда оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;  

5) білім беру ұйымдарда әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;  

6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық түрде және дидактикалық материалдар ұйымдастыру;  

7) өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде білім беру мамандарының (кәсіптерінің) тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау;  

8) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және педагог қызметкерлеріне, білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау; жекелеген пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және бекіту;  

9) элективті пәндер каталогын қарау және бекіту;  

10) пререквизит және постреквизиттерді бекіту;  

11) әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту;  

12) білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін әзірлеу және сараптамадан өткізу мәселелері;  

13) білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету;  

14) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу болып табылады. 

   

4. Кеңестің сайлау және жұмыс тәртібі 

 

6. Кеңестің құрамына кафедра өкілдері, оқытушылар, оқу-әдістемелік ұйымдардың басшылары, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау, білім беруді ақпараттандыру жөніндегі құрылымдық бөлімшелер басшылары кіреді. Кеңестің құрамы білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен бекітіледі. 

7. Кеңесті оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары - Төраға басқарады. 

8. Кеңес мүшелерінен ашық дауысы арқылы хатшы сайланады. 

9. Кеңестің жұмысы әдістемелік кеңестің отырысында қабылданған және білім беру ұйымның бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 

10. Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі. 

11. Әдістемелік кеңестің отырысында қаралған мәселенің нәтижесі бойынша қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілік дауысымен әдістемелік кеңестің ұсынысы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен әдістемелік кеңестің шешімдеріне кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды. 

12. Егер әдістемелік кеңестің отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса, онда әдістемелік кеңес құқықты өкілетті деп табылады. 

13. Кеңестің төрағасы жылына бір рет Кеңес қызметінің нәтижелері туралы білім беру ұйымдарының педагогикалық, ғылыми кеңесінің алдында есеп береді. 

14. Әдістемелік кеңестің әрбір мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның жұмысына белсенді араласуға, жүктелген тапсырмаларды уақытылы және нақты орындауға тиісті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив