05
август
2024
Бос жұмыс орнына хабарландыру!
Бос орынға конкурс жариялау!!!Уақытша бос орынға конкурс жарияланды!
Кәсіптік бағдар педагогы (екі тілде, уақытша орын) 1 жүктемемен бос орын
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Лауазымдық жалақысы: 100 000 -120 000 тг
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 августдағы № 259 бұйрық 154-тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 октябрьдағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шарты жасалынады;
ü Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар 27-taraz.mektebi.kz мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
ü 2024-2025 оқу жылдың 05 августдан бастап 7 (жеті) жұмыс күнінде құжаттарды https://hr-nobd.edu.kz модулі арқылы қабылданады.
ü Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар қаралады, ол мына күндер: 14-20.08.2024ж күндері.
Шешім шығару күні 20.03.2024 жыл
Конкурс өткізілетін орын:
Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Жібек жолы улица №104 "А" мекен жайында орналасқан М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінің қабылдау бөлмесінде қабылданады. Контакты телефондары: 8 7262 46-49-55.
Электронды адресс: school27taraz@yandex.kz