05
февраль
2022
Темір жол - ойын алаңы емес

Темір жол көлігі аймағының қауіпті аймақ екендігін әрқашан естен шығармау керек. темір жолда бөгде адамдармен жарақаттану жағдайларының болуына себеп, олардың темір жолда қауіпсіздік ережелерін білмеуі, сақтамауы, асығыс жүріп, арнайы аспа көпірді пайдаланбауы және де балалардың бұзақылық істерге барып, ойын ойнауы. Жас жігіттер мен бойжеткендердің әуендерді жақсы көргені сонша, темір жолдан кесіп өтіп жатса да құлағынан плеер, құлаққаптарын шешпегендіктен локомотивтің гуілін естімейді, ал көру сезімі рельсты ыңғайлы аттап өтуге ғана бағытталған.
Осы мақсатта мектебімізде оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құрметті Ұстаздар және Ата-аналар ұл-қыздарыңызға ТЕМІР ЖОЛ — ойын алаңы емес екенін, кез-келген ойланбай жасаған әрекет орны толмас өкінішке әкеп соқтыруы мүмкін екендігін түсіндіріп отырыңыздар.