Мероприятие » Страница 20 » СШ №27
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №27"
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Страница 20
Қазіргі кездегі экологиялық проблемалар
10
сәуір
2021
Қазіргі кездегі экологиялық проблемалар
Мектебімізде экологиялық тәрбие беру мақсатында 8"А" сыныбында "Қазіргі кездегі экологиялық  проблемалар" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар экологиялық проблемаларды, оны шешу жолдарын айтып талқыланды.
Мектепке тағзым Жомарт түлек
09
сәуір
2021
Мектепке тағзым Жомарт түлек
"Мектепке тағзым. Жомарт түлек" жобасы аясында мектебіміздің түлегі Аманова Нагима оқушылармен бірге "Бір бала,бір ағаш" акциясын өткізді.«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу - маңызды істердің бірі.
Дүниежүзілік денсаулық күні
07
сәуір
2021
Дүниежүзілік денсаулық күні
Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау Бүгін Дүниежүзілік «Денсаулық күні» аталып өтіп жатыр. «Дені саудың, жаны сау» атты мектебімізде спорттық эстафетаны "Жас Ұлан" ұйымының жетекшісі аға тәлімгердің  ұйымдастыруымен өтті.  Денсаулық ол – шыныққан  Барлық денең мүшесі.  Денсаулық ол - тыныққан  Жүйке тамыр жүйесі.  Денсаулық ол - күлуің  Көңіл – күйің
Экологиялық бағыт
05
сәуір
2021
Экологиялық бағыт
Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді. Осы мақсатпен мектебіміздің 11-сынып оқушылары мектеп ауласына ағаштар отырғызды.
Мекенім жасыл елім
26
март
2021
Мекенім жасыл елім
Қандай ғажап керемет – табиғат, Іш, бауырым, пейіл қойшы пайымдап, Игілігің – көкше көлдер, өзендер, Сеңгір таулар, гүлді орман, қайың бақ...Біз табиғатты аялап, қорғауға міндеттіміз. Әрқашан оны қорғап, ластануына жол бермегеніміз жөн. «Мекенім-жасыл елім» акциясы аясында 10-сынып оқушылары мектеп ауласына тал отырғызды.
Март  мерекесі
26
март
2021
Март мерекесі
Март - бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Мартым міне келді жайраңдаған, Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған Мол дастархан ақ ниет ырыс толған, Көктемнің бұл күніне қайран қалам.
Жол ережесін білейік аман есен жүрейік
19
март
2021
Жол ережесін білейік аман есен жүрейік
Мектеп инспекторы Байниязова Э.Р. ұйымдастыруымен "Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік" тақырыбында оқушыларға жол ережелерін көрсету мақсатында іс-шара өткізілді.
Март  мерекесі
19
март
2021
Март мерекесі
22-март Ұлыстың Ұлы Күні -Март мерекесіне орай Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Қазақшаң қалай" зияткерлік ойыны өткізілді. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Март  мерекесі
19
март
2021
Март мерекесі
Март мерекесі күні - қасиетті күн. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Март айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Қыстың соңы, көктемнің басы жыл құстары келе бастайды.
Март  мерекесі
17
март
2021
Март мерекесі
Қазақтың ұлттық тағамын насихаттау барысында мектеп пен ата- ана ынтымақтастығын арттыру мақсатында  9 сыныптың қыздары  22 март мерекесіне орай «Бауырсақ  PARTY» атты байқау ұйымдастырылды.  Мұндағы мақсат береке бірлікке, татулыққа шақыру. Ата – аналармен тығыз байланыс жасай отырып, оқушыларды қазақтың ұлтты салт – дәстүрді ұстауға, оқушыларды патриоттық сана сезімі ояту ұлтжандылыққа тәрбиелеу.