19
желтоқсан
2020
Қағаз қалдықтарын жинау акциясы
Мектебімізде «Қағаз қалдықтарын жинау» акциясы өтті. Акцияның мақсаты: адам өмірінің маңызды бөлігін қағаздан жасалған өнімдер құрайтындықтан, қажетсіз болып қалған қағаздарды сұрыптау. Мысалы, күнделікті таңертеңгілікте жеп отырған жұмыртқаның қорабы да, таңғы ас үстінде оқып отыратын газетіңіз де қағаздан дайындалады. Қағаздан жасалған өнімдер сұранысқа ие болуымен қатар оларды күнделікті өмірде тұтыну да жеңіл болып келеді.Өкінішке орай, қазіргі таңда адам баласы қоршаған ортаны қоқыспен ластау арқылы өзі өмір сүріп жатқан ортаға қандай зиян келтіріп жатқанын түсінбейді. Қоршаған ортаны қалдық заттардан тазарту, оны қайта өңдеу арқылы пайдалы өнім алу қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.