01
маусым
2020
Қамқоршылық кеңестің алдындағы есебі
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Мәметова атындағы №27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңесінің №2 хаттамасы
Өткізілген күні: 22.05.2020ж.
Қатысқандар: 11
Күн тәртібінде:
1.М.Мәметова атындағы №27 орта мектеп директорының міндетін атқарушы Нуралиева Роза Кудайбергенқызы Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі.
Тыңдалды:
Алғашқы сөз кезегін мектеп директорының міндетін атқарушы Нуралиева Роза Кудайбергенқызы алып, Қамқоршылық кеңес алдында 2019-2020 оқу жылында атқарылған іс-шараларға есеп берді.
2019-2020 оқу жылын 648 білім алушымен аяқтады. Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Мектепте барлығы 86 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде: жоғарғы санатты-12, бірінші санатты-12, екінші санатты-7, педагог-зерттеуші-14, педагог-сарапшы-9, педагог-модератор-1, санаты жоқ-31.
Мектеп жасындағы барлық балалардың міндетті орта біліммен қамтылуын ұйымдастыру мақстаныда «Мемктепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Оқумен қамтылмай қалған балалар жоқ. Акция барысында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына көмек көрсетілді.
Мектепте 12 оқушы үйде оқытылады, 4 оқушы инклюзивті білім берімен қамтылды. Білім алушылардың сабаққа қатысу көрсеткіші 96% құрайды.
2019-2020 оқу жылында мектепте 11 үйірме жұмыс істеді. Мектепішілік үйірмеге 504 оқушы қамтылған. Мектептен тыс үйірмелермен 164 оқушы қамтылды. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен конкурстардан 260 жүлделі орындарға қол жеткіздік.
Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мектептің 237 білім алушысы, 167 білім алушысы «Жас қыран» ұйымына қабылданды. Осылайша «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымында 294 білім алушы, «Жас қыран» ұйымында 514 білім алушы.
Құқық бұзушылық бойынша мектепішілік есепте тұрған бала жоқ. Қалалық іші істер бөлімінде 9 в сынып оқушысы Аширматов Шахруз Рустамович 2020 жылдың 15 сәуірінен 106/1 бап бойынша есепте тұр.
Мектепте «Адал ұрпақ», еріктілер клубы, «Қыз Жібек» қыздар клубы, «Адалдық дүкені» жұмыс істейді.
Көп балалы жанұядан шыққан оқушылар - 57
Толық емес отбасы – 107
Қамқорлықтағы оқушылар – 3
Өгей әке, өгей шешемен тұратын оқушылар – 11
Аз қамтылған отбасы оқушы – 23
Кітапхана қоры:
Мектеп кітапханасында барлық кітаптар саны – 17341 дана құрайды. Оқулықтар саны - 12327, көркем әдебиет - 4234, электронды оқулытар саны - 413. Білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға 27 кітаптан тиеді. Оқулықпен 100% оқушы қамтылған.
Мектепте барлығы 25 оқу кабинеті бар. 2 информатика, 2 зертхана, 2 технология кабинеті жұмыс істейді. 57 компьютер бар.
Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақстанды 8 бейне бақылау камерасы жұмыс істейді. Ғимарат ішінде – 5, мектеп ауласына-1, стадионда – 1, әжетхана жақта- 1.
2020 жылдың маусым айының 4-не дейін мектеп ішінде әжетхана соғылуы аяқталады.
Мектептің жөндеу жұмыстары 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс.
Шешімі:
Мектеп директорының міндетін атқарушы Р.К.Нуралиеваның Қамқоршылық кеңес елдындағы берген есебі «қанағаттанарлық» деп танылсын.
Хатшы: Ә.С.Алдоңғарова