30
сәуір
2020
IV тоқсанда жиынтық бағалауды жүргізудің ерекшеліктері
30 сәуір күні мектебімізде "IV тоқсанда жиынтық бағалауды жүргізудің ерекшеліктері" тақырыбында вебинар өткізілді. Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Р.К.Нуралиева ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №168 бұйрығымен бекітілген қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдермен таныстырды. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.Н.Исабекова жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізуде "Google forms", "Learning Apps.orl", "edmoda" платформаларын пайдалану жолдарын көрсетті.