15
сәуір
2019
қамқоршылық кеңес хаттамасы
Хаттама №1
Өткізілген күні: 25 қаңтар 2019 жыл
Басталуы: сағат 17.00-де
Өтілген орны:Жібек жолы көшесі 104 А үй №27 М.Мәметова атындағы орта мектебі (спортзал)
Қатысушылар: ата-аналар, сынып жетекшілер, қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп инспекторы
Өткізілу форматы: жалпы ата-аналар жиналысы
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1.І жартыжылдық бойынша білім сапасының қорытындысы туралы
2.Бала тәрбиесіне қатысты ата-аналарға салынатын айыппұл және заң талаптары туралы
3.Жасөспірімнің отбасындағы жағдайы және ата-анасымен қарым-қатынасы туралы
4.Әртүрлі мәселелер (қамқоршылық кеңес мүшелерімен таныстыру, төрайымын сайлау)
Тыңдалды:
Жиналысты мектеп директоры Г.Е: Абдрешева ашып, күн тәртібімен таныстырып, бекітуге ұсыныс жасады. Күн тәртібі бекітіліп, 1-мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Қ.Нұралиева сөйледі. Сөз барысында Р.Қ.Нуралиева І жартыжылдықтағы білім сапасы туралы, 8 орыс сыныптары мен 9 қазақ сыныбында білім сапасының төмен екендігін айтып өтті. Ата – аналар тарапынан үй тапсырмасының орындалуын талап ету қажеттілігі туралы да сөз қозғалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп инспекторы бала тәрбиесіне қатысты ата-аналарға салынатын айыппұл мен заң талаптары туралы ата-аналарды таныстырды. Сонымен қатар жол көлік оқиғаларының алдын алу мен қоғамдық көліктерде орын алып жатқан қалта ұрлығынан балалардың сақ болуы керектігін айтып түсіндірді.
Мектеп психологтары балалардың отбасындағы жағдайы және ата-анасы мен қарым-қатынасы туралы , оның қоғамдағы келеңсіз оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін екенін түсіндірді. Ата –аналарға бала тәрбиесі бойынша жадынама таратты.
Әртүрлі мәселелер бойынша мектеп директоры Г.Е.Абдрешева ата – аналарды 2019 жылдағы қамқоршылық кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырды және алдағы уақыттағы қамқоршылық кеңестің атқаратын жұмыстарымен қысқаша таныстырып өтті. Ата –аналар тарапынан қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып Ш.А.Ширалиева сайланды.
Шешім:
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ата-ана тарапынан оқушылардың үй тапсырмасын орындалуы қадағалансын.
2. Мектеп инспекторы ата-аналарға таныстырған құқықтары мен міндеттері ата-аналар тарапынан назарға алынсын.
3. Мектептегі барлық мәселелер, маңызды шешімдер қамқоршылық кеңес мүшелерімен келісіп шешілсін.
Хатшы: Алимкулова И.Н.