26
қазан
2023
Ата-аналармен жиналыс
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жұмыс жоспарына сәйкес ДТІЖО А.Б.Тастанбекова және мектеп психологтары Г.Ошақбаева және Д.Қазыбаева ұйымдастыруымен ата-аналармен жиналыс өткізілді. Мақсаты: Балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. Міндеттері: 1) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. ДТІЖО А.Б.Тастанбекова "Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістері" жайлы түсіндіріп өтті. Жиналыс соңында мектеп психологтары ата-аналармен "Бала тәрбиесіне" қатысты тренинг-ойын жүргізді.
