қамқоршылық кеңес есебі » СШ №27
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » қамқоршылық кеңес есебі
27
қараша
2021

қамқоршылық кеңес есебі

2021-2022 оқу жылы М.Мәметова атындағы № 27 орта мектебінде  өткізілген шаралар туралы мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі

27 Қараша 2021 жыл

     Санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында антисептикалық құралдарға (коврик 10 дана, антисептик 100л., кварц лампа 5  дана., тепловизор 2дана., хлоредезин 112 кг., ) қыркүйек айынан бері 156 мың     теңге бөлінді.   Жаз айында мектебімізге ағымды  ремонт жасалынды. Ремонтқа 330 мың теңге бөлінді. 

2021-2022 жаңа оқу жылында   тегін ыстық тамақпен қамтылған жағдайы төмен отбасынан шыққан 197 оқушыға мектеп формасын алуға әр оқушыға 32500 теңгеден бөлініп, ата аналардың счеттарына аударылды. 

Биылғы 2021-2022 оқу жылында мектеп контингенті 624  оқушыны құрайды, барлығы 34 сынып. І тоқсан бойынша білім сапасы 56,7. Үлгерімі-100%.Оқу үздігі 70.оқу екпінділері -335. 9-сынып оқушылары арасынан  4-оқушы үздік аттестатқа үміткер.

2021-2022 жаңа оқу жылында қыркүйек айында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акция барысында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға  және әлеуметтік жағынан төмен отбасыларға көмек көрсетілді. 

Жалпы мектепішілік есептегі оқушылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары зерделенді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан 1 сынып оқушыларына құралдары, сөмке берілді, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан   шыққан 3  сынып оқушыларына  мектеп формасы, ақ жейде, оқу құралдары, сөмке берілді. Мектебімізде бірқатар мұғалімдер төменде көрсетілген 4,5 сынып оқушыларына спорттық футболка, белдемше, аяқ киім үлестіріліп берілді. Бүгінгі күні мектебімізде тегін тамақ ішетін оқушылар саны 198.   Олар күніне  бір рет ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар мектеп оқушылары түрлі іс шараларға қатысып, қалалық облыстық байқаулардың жеңімпаздары атануда. 

         Общий библиотечный фонд в школьной библиотеке составляет 22895 экз., Учебников - 15822 экз., В этом году новых книг 3266, литературный фонд 4724, в новом учебном году библиотечный фонд пополнился новой художественной литературой на казахском и русском языках, в том числе 100 электронных учебников. Охват составил 100% обучающихся. В этом году в соответствии с обновленной программой, 11,7,8 классы получили учебники по информатике, методические комплексы, рабочие тетради. Получены методические пособия для первоклассников. Количество полученных карт по истории, географии-39.

Мектептегі үйірме жұмыстары, сыныптан  тыс іс шаралар, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жоспарға сай штаттық түрде жүргізілуде. Тәрбие жұмыстары бойынша атқарылған іс шаралар төмендегідей:

№25 Мобильдік тобының  жетекшісі қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Мейірхан А.Ә. мырзаның қатысуымен "Құқықтық сана - қауымға пана" жоба аясында білім алушыларға жанұялық, адамгершілік-жыныстық тәрбие беруде қыздар жиналысы ұйымдастырылып, өткізілді. Сонымен қатар ерте жүктіліктің алдын алу бойынша қыздармен жиналыс өткізілді.  5-қыркүйек Қазақстан Республикасының халықтар тілдері күніне орай “Тіл-достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы” тақырыбында 6-8 сынып оқушылары арасында 


тілдің қадір-қасиеті мен құдіретін, көркемдігін түсіндіру мақсатында танымдық тәрбие сағаты ұйымдастырылды

01 қараша күні мектепте 3, 4, 9-11 сыныптарда Республикалық пән олимпиадасының І-ші мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ-ші қалалық кезеңге оқушылар іріктелді.

         Спецпроект «Традиции и обычаи» в рамках программы «Духовное возрождение» направлен на сохранение традиций и обычаев, уникальной культуры казахского народа, воспитание молодежи, формирование национальной идентичности, популяризацию и изучение переданного культурного наследия  из поколения в поколение.

Мектебімізде жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында оқушылар арасында жол қозғалысы ережелерін түсіндіру жұмысмтары жүргізілді. 

«Қарты  бар үйдің - қазынасы бар», – деп, дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады», – деген қанатты сөздер бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырағындағы ата - ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат. Осыған орай «Қоғамға қызмет» жобасы аясында мектебіміздің волонтерлары қарттар үйіне барып қолқабыс көрсетіп қайтты.

В библиотеке школы прошло мероприятие, посвященное 180-летию выдающегося казахского просветителя, поэта, писателя, этнографа Ыбрая Алтынсарина, книжная выставка «Приходите, дети, читайте». В мероприятии приняли участие ученики 6 «Б» класса и учитель русского языка и литературы Рожко Е.Н. Постоянно проводятся рейды по микроучастку нашей школы, где были построены и заброшены частные дома.

                С целью повышения правовых знаний для различных слоев населения в школе с 1 по 6 ноября прошел «День открытых дверей». Ведется работа психологами школы с учащимися по кибербулингу

Сонымен қатар мектеп оқушылары қырқүйек айынан бүгінгі күнге дейін бір шама жетістіктерге жетті: Атап айтсақ 11 “А» сынып оқушысы Маймахан Сержан қалалық Шерхан оқуларының «Зау тұлға» бағыты бойынша байқауына қатысып жүлделі III орынды иеленді. Жетекшісі: Момынқұлова Г.

6 “б» сынып оқушысы Юлдашева Зульфия Қалалық «Ыбырай оқулары» байқауына қатысып, жүлделі IIIорынды иеленді. Жетекшісі: Ибижанова С.

2021-2022 оқу жылында 9-сынып оқушысы Жақанберді Әсем қолданбалы математикабағыты бойынша қалалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Садуақасова Айсұлу. 

2021-2022 оқу жылында қалалық ғылыми жобалар конкурсына 9-сынып оқушысы Жақанберді Әсем қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеттекшісі: Садуақасова А. I қалалық «Шабыт шыңы » өнер фестивалінің Iорын иегері Сұлтанбек Ақнұр жеңімпаз атанды. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен «Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз» эссе жазу байқауында 9- сынып оқушысы Әбілхайр Інжу облыс бойынша  I орынды иеленді. Жетекшісі: Сейдахова Д.

Облыстық Pro Eco байқауында «Туған өлкемнің табиғаты» номинациясымен Сұлтанбек Ақнұр 3-орын иеленді.Жетекшісі: Хангиреева Г. Облыстық «Табиғат сырлары » байқауында 5 а сынып оқушысы Аманқұл Кәусар 3-орын иеленді.Жетекшісі: Хангиреева Г.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив